Ұйымдастырушылар: Вятск қосымша білім беру орталығы және Мәскеу үздіксіз математика білім беру орталығы.
Бұл олимпиада сегізінші сынып оқушыларына арналған, себебі олар аудандық және қалалық олимпиаданы жазбайды. Эйлер атындағы олимпиадаға, сонымен қатар, сегізінші сынып оқушыларынан да кіші балалар қатыса алады. Бірақ, оларға олимпиада есептері сегізінші сыныптың деңгейінде болатынын ескерткен жөн.
2010 жылы олимпиаға Ресейден, Қазақстаннан, Болгариядан және Литвадан 2000-нан астам оқушы қатысты. Олимпиада үш этаптан тұрады: дистанциондық (желтоқсанда), аймақтық (қарашада), қорытынды (наурыз немесе сәуір). Дистанциондық этапқа сегізінші сынып оқушылары және одан төмен сыныптарда оқитын оқушылардың барлығы қатыса алады. Бұл этапты жақсы жазып шыққан оқушылар аймақтық этапқа өтеді, ал енді одан өтсе, ең негізгі - қорытынды этапқа өтеді. 2010 жылы Барнаул, Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында өткен қорытынды этапқа Ресейдің 30-дан астам облысынан 196 оқушы қатысқан.
Олимпиадаға қатысу тегін. Дистанциондық этаптың деңгейі Бүкілресейлік оқушылар олимпиадасының муниципалдық (қалалық,аудандық) этабымен бірдей. Ал енді аймақтық және қорытынды этаптың деңгейі Бүкілресейлік оқушылар олимпиадасының осы аттас этаптарының деңгейімен бірдей.
Есептерді Бүкілресейлік математика олимпиадасының Методикалық комиссия құрамына кіретін математика мамандары мен педагогтары құрастырады.
Дистанциондық этапты жазған оқушылар өз жұмыстарын тексерту үшін электрондық хат арқылы жібереді.Есептердің шешуін қағазға жазып, оны сканерден өткізіп я фотоапарат арқылы суретке түсіріп nt жіберуге болады.
Екінші аусымда оқитын және уақыты Мәскеу уақытымен сәйкес келмейтін жерлерде тұратын оқушылар жазбай қалмауы үшін, дистанциондық этап аптаның әр түрлі күндерінде және тәуліктің әр түрлі уақыттарында болатын 4 турдан тұрады. Аймақтық этапқа түсу үшін, оқушы осы 4 турдың барлығына да қатысып, турлардың кем дегенде біреуінде жақсы көрсеткішті көрсеткені жеткілікті.
Қазақстандағы олимпиданың ресми сайты: http://pifagor.kz
Олимпиданың ресми сайты:http://matol.ru/
Электрондық мекен-жайы: info@matol.ru
| Дата | Место проведения | Олимпиада |
|---|---|---|
| Wed, 12/14/2011 | Казахстан, Алматы | Олимпиада имени Эйлера (дистанционный 3 тур) |
| Sun, 12/11/2011 | Казахстан, Алматы | Олимпиада имени Эйлера (дистанционный 2 тур) |
| Thu, 12/08/2011 | Казахстан, Алматы | Олимпиада имени Эйлера (дистанционный 1 тур) |
Theme by Danetsoft and Danang Probo Sayekti inspired by Maksimer