Что такое международная математическая олимпиада?

admin's picture

Халықаралық математикалық олимпиада

Халықаралық математикалық олимпиада (ХМО, ағыл. IMO,International Mathematical Olympiad)  — оқушылардың жыл сайынғы математикалық жарысы.Бұл - оқушылардың ғылыми жарыстарының ең көнесі.

Алғашқы рет олимпиада 1959 жылы Румынияда өткізілді. Содан бері жылда өткізіліп жүр (1980 жылды санамағанда). Алғашында бұл олимпиадаға тек  оқушылары қатысатын. Көп кешікпей қатысушы мемлекеттер саны арта бастады. 2004 жылғы ХМО-ға  85 мемлекет қатысты. 

Әр елдің атынан 6 оқушыдан, жетекшіден және ғылыми жетекшіден тұратын команда қатысады.Ресми түрде ХМО - жеке біріншілік. Олимпиадаға қатысушының жасы 20-дан аспауы керек әрі олар жоғарғы оқу орнына оқымауы керек. Әр елден 6-дан артық оқушы жіберуге рұқсат берілмейді.

Қатысушыларға 6 есеп шығаруға беріледі (күніне 3 есептен, қатарынан 2 күн). Әр есеп 7 балға бағалады, ең көп дегенде 42 балл алуға болады. Есептер мектеп математикасының әр түрлі салаларынан алынады, негізінен геометриядан, сандар теориясынан, алгебрадан және комбинаторикадан.Олар шығару үшін жоғары математиканы білу қажет емес және көбінесе олардың әдемі әрі қысқа шешімі болады.Мысалы, 2007-нші жылдың 6-ншы есебі нөлдер туралы комбинаторлық теорема (Combinatorial Nullstellensatz, en:Restricted sumset)  арқылы оңай шешілетін.1-нші мен 4-нші есеп оңай есеп ретінде,2-нші мен 5-інші орташа деңгейдегі есеп ретінде, 3-нші мен 6-ншы қиын есеп ретінде алынады. 

ХМО-ның мықты командалары болып Қытай, Ресей, Вьетнам, АҚШ және Болгария саналады.Төменде соңғы жылдардағы жеңімпаздардың тізімі көрсетілген (жақшаларда қатысушылардың жинаған ұпайларының қосындысы берілген)

Жыл Бірінші орын Екінші орын Үшінші орын
2010 Қытай (197) Ресей (169) АҚШ (168)
2009 Қытай (221) Жапония(212) Ресей (203)
2008 Қытай (217)

Ресей(199)

АҚШ (190)
2007 Ресей (184) Қытай (181) Bьетнам мен Оңтүстік Kорея (168)
2006 Қытай (214) Ресей (174) Kорея Республикасы (170)
2005 Қытай (235) АҚШ (213) Ресей (212)
2004 Қытай (220) АҚШ (212) Ресей (205)
2002 Қытай (212) Ресей (204) AҚШ (171)
2001 Қытай (225) Ресей мен Қытай (196)
2000 Қытай (218) Ресей (215) АҚШ (184)

 

Қазақстанның ХМО-дағы нәтижесі.

Қазақстан командасының олимпиадада көрсеткен нәтижесі. Қорытынды - команданың барлық есептер бойынша жинаған ұпай жиынтығы. Абсолюттік рейтинг - команданың ұпай жиынтығы бойынша алған орны.

Жыл Қатысушылар саны Есептер Қоры-тынды Рейтинг Марапат
Барлығы Е Ә 1 2 3 4 5 6 Абс. Салыс. А К Қ Г
2010 6 6
42 35 13 42 4 12 148 5 95,83% 3 2 0 1
2009 6 6   42 37 4 31 22 0 136 27 74,76% 0 3 3 0
2008 6 6   42 26 39 8 7 128 25 75,00% 1 2 3 0
2007 6 6   23 14 42 14 0 95 28 70,65% 0 1 3 2
2006 6 5 1 42 5 39 7 0 95 30 67,42% 0 1 4 1
2005 6 6   19 21 36 28 7 112 26 72,22% 0 2 3 1
2004 6 6   36 24 31 19 13 132 21 76,19% 2 0 2 0
2002 6 6
26 27 0 42 20 4 119 12 86,42% 1 2 2 1
2001 6 6   42 31 5 36 37 17 168 6 81,93% 4 1 0 1
2000 6 6   39 32 1 10 4 5 91 24 93,90%  0 1 4 1
1999 6 6   32 13 5 10 6 6 72 35 57,50% 0 0 4 1
1998 6 6   21 9 10 26 15 0 81 35 54,67% 0 0 2 3
1997 6 6   5 36 5 24 3 0 73 46 44,44% 0 0 1 4
1996 6 6   6 4 6 1 2 1 20 64 14,86% 0 0 0 0
1995 6 6   27 0 3 8 15 1 54 57 22,22% 0 0 0 3
1993 6 6   15 6 10 16 24 9 80 25 66,67% 0 1 3 0
1992 6 6   22 7 0 17 6 28 80 бейресми 0 0 4 1

 

Қазақстан оқушыларының жеке нәтижелері

Қатысушы Қала Мектеп Жүлде Қатысқан жылдары
А  К  Қ   Г
Куат Есенов Павлодар №8 лицей 2 1 0 0 2002, 2003, 2004
Нурсултан Хаджимуратов Талдықорған №20 мектеп-лицей 1 2 0 0 2008, 2009, 2010
Игорь Ганичев Өскемен ҚТЛ 1 2 0 0 2000, 2001, 2002
Бауыржан Бектемиров Aқтөбе ҚТЛ 1 2 0 0 2001, 2002, 2003
Aндрей Kим Талдықорған №20 мектеп-лицей
1 1 1 0 2004, 2005, 2006
Kанат Cатылханов Талдықорған №20 мектеп-лицей
1 1 0 0 2009, 2010
Егор Kлочков Павлодар №8 лицей 1 1 0 0 2008, 2009
Aман Жумекешов Aқтөбе ҚТЛ 1 0 1 0 2001, 2002
Aлибек Aлдангаров Aқтөбе ҚТЛ 1 0 0 1 1999, 2000, 2001
Денис 0вчинников Aлматы №134 мектеп-гимназия 1 0 0 0 2010

http://imo-official.org

http://ru.wikipedia.org/wiki/International_Mathematical_Olympiad

сайттарындағы материал бойынша

Кім онлайн?

There are currently 0 users and 2 guests online.

Syndicate

Syndicate content

Theme by Danetsoft and Danang Probo Sayekti inspired by Maksimer